Жамбыл облыстында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

09:47, 23 тамыз 2026
MKZ: 1562771

© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай Жамбыл облысында да жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап өңір тұрғындары өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда.

Сайлау учаскелеріне зиялы қауым өкілдерінен бастап жастарға дейінгі түрлі санаттағы азаматтар келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру барысын ұйымдастырумен қатар, учаскелерде тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, Жамбыл облысында дауыс беруге құқығы бар 730 236 азамат тіркелген. Олардың таңдауын жүзеге асыру үшін өңірде 520 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай Жамбыл облысында да жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап өңір тұрғындары өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 09:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайлау процесінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да айрықша көңіл бөлінген. Облыста 45 884 мүгедектігі бар сайлаушы тіркелсе, олардың 2 592-сі дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет етеді. Барлық сайлау учаскелерінде олардың кедергісіз дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған.

Дауыс беру күні азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 41 инватакси қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, есту қабілеті төмен азаматтар үшін арнайы мамандардың қатысуымен сурдоаударма қызметі ұйымдастырылған. Сайлаушылардың өтініштері негізінде учаскеден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі де қамтамасыз етілген.

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай Жамбыл облысында да жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап өңір тұрғындары өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 09:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындарға қажетті ақпаратты жедел ұсыну үшін Тараз қаласы мен аудандарда 13 ақпараттық call-орталық және 109 бірыңғай диспетчерлік қызметі жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ дауыс беру күні азаматтардың тіркеуін растауға арналған 328 онлайн-сервис іске қосылған. Ал Тараз қаласы мен аудандарда тұрақты немесе уақытша тіркеуде жоқ азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін 15 арнайы сервис қарастырылған.

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай Жамбыл облысында да жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап өңір тұрғындары өз азаматтық таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 09:47

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, Жамбыл облысында Құрылтай сайлауын ұйымдастыру жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіліп, азаматтардың өз таңдауын еркін әрі қолайлы жағдайда жасауына барлық мүмкіндік қарастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!