Қарағанды облысындағы 13 жастағы жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
© Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысының бас полицейі Негмет Исмагулов суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалған 13 жастағы Нұралы Әлханды қабылдап, жасөспірімге ерлігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінде болған. Суда ойнап жүрген төрт жасар бала мінген үрмелі матрас желдің әсерінен аударылып, бала суға құлап кеткен. Сол сәтте жағалауда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан ойланбастан көмекке ұмтылып, баланы судан аман алып қалған.
Жасөспірімнің ерлігі туралы әлеуметтік желіден білген Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов Нұралыны арнайы қабылдап, оның анасына да ризашылығын білдірді.
"Балаңыздың ерлігі туралы әлеуметтік желіден оқып, ерекше риза болдым. Сын сағатта тайсалмай, төрт жасар баланың өмірін құтқарған Нұралының батылдығы көпке үлгі. Осындай ержүрек азамат тәрбиелеп отырған ата-анасына алғысымды білдіремін. Балаларыңыздың болашағы жарқын болсын", — деді ПД бастығы.
Кездесу барысында Негмет Исмагулов алты баланы тәрбиелеп отырған Нұралының анасы Самал Әбдірахмановаға алғыс хат табыстады.
"Сол сәтті қайта еске алудың өзі қиын. Анасы ретінде балам үшін алғашында қатты қорықтым. Бірақ оның баланы судан аман алып шыққанын естігенде, бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Ұлымның ерлігін ескеріп, құрмет көрсеткен полиция департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін", — деді Самал Әбдірахманова.
Ал Нұралы үшін бұл оқиға — марапатқа емес, адам өмірін құтқаруға қатысты қабылданған шешім.
"Барлығы аяқ асты болды. Бала алғашында үрмелі матраспен жүзіп бара жатқан. Кейін желден матрас аударылып, ол суға құлап кетті. Сол сәтте менің ойымда оны қалай да құтқару ғана болды. Менің бес бауырым бар. Балаға қараған кезде өз бауырларымды елестеттім. Сондықтан оны аман алып қалу үшін бар күшімді салдым. Мұндай марапат аламын деп ойлаған жоқпын", — дейді Нұралы Әлхан.
Жасөспірімнің батылдығына тәнті болған Негмет Исмагулов Нұралыға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны бейнеленген қолсағат табыс етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 22 тамыз 2026
Сот Қазақстанды қоса алғанда, 75 ел азаматтарына Трамп енгізген иммиграциялық виза беруге тыйымды жойды
-
16:07, 22 тамыз 2026
Қайтадан +42°С-қа дейін ыстық болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:48, 22 тамыз 2026
Жаңа оқу жылында шетелдік студенттер саны рекордтық көрсеткішке жетті
-
15:06, 22 тамыз 2026
Атырау тұрғыны зардап шеккен ер адамның ағасы сияқты кейіп танытып, ауруханада заттарын ұрлап кеткен
-
14:26, 22 тамыз 2026
Қызылордада 90 отбасы баспаналы болды





