Құрылтай есімді азамат Алматыдағы сайлаушылардың назарын аударды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тұрғыны Құрылтай Сәткенбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда Құрылтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
"Сайлау туралы жаңалықтардан өз есімін жиі естіген соң, мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалмауды жөн көрген шығар", – деп әзілдеді өзге сайлаушылар.
Айта кетейік, Алматыда сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап кейбірінде дауыс беруге келген тұрғындар кезекке тұрды. Сондай-ақ Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесіндегі алып қуыршақтар келіп, көпшіліктің назарын аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:02, 23 тамыз 2026
Қазақстанның Бас прокуроры сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
-
10:58, 23 тамыз 2026
Қарағанды облысының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр
-
10:53, 23 тамыз 2026
«Қазгидромет» Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады
-
10:51, 23 тамыз 2026
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайлауда дауыс берді
-
10:47, 23 тамыз 2026
Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы: ОСК сайлаушылардың алғашқы келу көрсеткішін жариялады





