Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығында электр сымдары қысқа тұйықталды

17:39, 22 тамыз 2026
MKZ: 1562679

© Фото: zakon.kz

АЛМАТЫ. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA ойын-сауық орталығында электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат "112" пультіне келіп түскен. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жетті.

Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады. Ашық жалын болмаған.

Қысқа тұйықталудың салдары жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!