Атырау тұрғыны зардап шеккен ер адамның ағасы сияқты кейіп танытып, ауруханада заттарын ұрлап кеткен
© Фото: zakon.kz
Атырау тұрғыны ерекше ұрлық жасағаны үшін сотталды. Ол зардап шеккен адамның туысымын деп таныстырып, жедел жәрдеммен бірге ауруханаға барған. Кейін оның заттарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға дүкен маңында болған. Бірнеше адам ер адамды жерге құлатып, ұрып-соққан. Оқиғаның куәгері жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде қасында тұрған ер адам өзін жәбірленушінің ағасымын деп таныстырып, онымен бірге ауруханаға барған.
Соққыға жығылған ер адам есін білген, алайда алған жарақатына байланысты сөйлеп, дәрігерлерге араларында туыстық байланыс жоқ екенін түсіндіре алмаған.
Ауруханада науқасты ішке кіргізіп жатқан кезде оның "ағасы" iPhone 13, AirPods, рюкзак және 25 мың теңгесін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 382 мың теңгені құрады.
Кейін ер адамның сол дүкеннен тағы екі рет ұрлық жасағаны анықталды. Ол дүкенге артқы есігі ашық тұрған кезде кірген. Алғашқы жолы құрал-саймандарды ұрлап, оларды аялдамадағы адамдарға сатып жіберген. Екінші рет дүкеннен ақылды динамик пен компьютер тышқандарын алып кеткен. Оларды да көшеде өткен адамдарға сатқан.
Сотта ер адам кінәсін мойындап, ақша алкоголь сатып алуға қажет болғанын айтты.
Атыраулықтың бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталғаны ескеріліп, сот бұл істі қылмыстың қайталануы деп таныды. Нәтижесінде ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар дүкен иесіне 243 272 теңге, ал зардап шеккен ер адамға 382 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 22 тамыз 2026
Жаңа оқу жылында шетелдік студенттер саны рекордтық көрсеткішке жетті
-
15:23, 22 тамыз 2026
Қарағанды облысындағы 13 жастағы жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
-
14:26, 22 тамыз 2026
Қызылордада 90 отбасы баспаналы болды
-
14:04, 22 тамыз 2026
Найзағай және екпінді жел: Астана, Алматы мен Шымкентті алдағы күндері ауа райы қандай болады
-
13:42, 22 тамыз 2026
Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды





