Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды

13:42, 22 тамыз 2026
MKZ: 1562658

© Сурет: gov.kz

ҚР Көлік министрлігі Астана – Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.

2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.

Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңге болады.

"Әуежайдың жұмысы тоқтатылғаннан кейін отыз жыл өткен соң қайта жанданып отыр. Әуе қатынасының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындардың мобильділігін, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 тамызда, Арқалық әуежайының үш әріптік IATA коды – AYK қалпына келтірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!