Жалғасбай – Нұрланұлы жұбы Уимблдонды жеңіспен бастады

22:33, 7 шілде 2025

© Сурет: ktf.kz

7 шілде күні қазақстандық жасөспірімдер Дамир Жалғасбай мен Заңғар Нұрланұлы Уимблдон–2025 турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас теннисшілер жұбы жұптық сындағы бірінші кездесуде америкалық Райан Козад пен Максимус Дюссоға қарсы өте тартысты матч өткізіп, 7:5, 6:7, 10:7 есебімен басым түсті.

Келесі кезеңде отандастарымыз ұлыбританиялық Оливер Бондинг пен америкалық Джаггер Личпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл - жұп жарыстың 8-ракеткалары.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!