Зейнеткерді өлтірді деп айыпталғандар оның үйіне отбасымен көшіп кіріп, бар жинағын жұмсаған
© Фото: pixabay
Ұлыбританияда 60 жастағы зейнеткерді баспанасы мен жинаған ақшасы үшін өлтірді деп айыпталған ер адам сот алдында жауап беріп жатыр. Айыптау тарапының мәліметінше, ол қылмыстан кейін марқұмның үйіне отбасын көшіріп әкеліп, жөндеу жүргізген және банк шоттарындағы ақшаны түгел жұмсаған.
Daily Mail басылымының 2026 жылғы 15 қазандағы ақпаратына сәйкес, тергеу Гэри Пиатектің жұмбақ жағдайда жоғалуынан кейін басталған. Ол 2024 жылғы 18 сәуірде Лестердегі пабтарға барғаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сотта айтылған мәліметтерге сәйкес, негізгі күдікті, 44 жастағы Ибрагим Йосиф 25 жастағы Омед Фирузмандпен бірге зейнеткерді өлтірген.
Зейнеткер жоғалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң Йосиф оның Эвингтон ауданындағы үйінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастаған. Көп ұзамай ол әйелі Дилан Рабати, әйелінің әпке-сіңлісі Даля және оның жұбайы Ахмед Набламен бірге бөтеннің баспанасына көшіп кірген.
Үйде тұруын заңды етіп көрсету үшін Йосиф пен оның сыбайластары жалдау шартын қолдан жасаған. Сонымен қатар олар марқұмның зейнетақы жинағын және NatWest, TSB, MBNA, NewDay мен Debenhams карталарындағы қаражатын біртіндеп жұмсаған.
"Сотталушылар Гэри Пиатектің үйін жөндеп, сонда тұрып, оның банк шоттары мен зейнетақы қорындағы ақшасын түгел жұмсаған. Өйткені олар Гэридің ешқашан ештеңе айта алмайтынына сенімді болған. Себебі 2024 жылғы 18 сәуірден кейін ол тірі болмаған", – деді прокурор Харприт Сандху.
Іс бойынша жауапқа тартылған Мабаст Халид пен Диар Мухаммедиге кісі өлтіргендерді жасырды деген айып тағылған. Олар қылмыстан кейін күдіктілерге баспана беріп, киімдерін жуып берген. Тағы бір сыбайласы Назем Какамандо қылмыстық жолмен алынған 148,7 мың фунт стерлингті (шамамен 93 млн теңге) өзінде сақтаған.
Іс бойынша барлығы сегіз адам жауапқа тартылып жатыр. Олардың екеуі кісі өлтіру және марқұмды заңды түрде жерлеуге кедергі келтіру бойынша тағылған айыптарды мойындамай отыр. Сот талқылауы жалғасып жатыр. Ол шамамен сегіз аптаға созылады деп күтіледі.
Бұған дейін жалдамалы кісі өлтірушінің ер адамды қыздарының көзінше қатыгездікпен өлтіргені туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:01, 16 қазан 2026
Қазақстандық он адам мемлекетке 7 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді: олар не істеген
-
11:52, 16 қазан 2026
Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма
-
11:41, 16 қазан 2026
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын ұзартуға қатысты шешім қабылданды
-
11:33, 16 қазан 2026
16 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:22, 16 қазан 2026
Екі күнде екі адам қаза тапты: Ақмола облысындағы қайғылы оқиға тұрғындарды алаңдатты





