Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) 2026 жылғы 16 маусымда зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шектерінің өзгеруінен кейін алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертіп, азаматтарға сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қор мәліметінше, алаяқтар қазақстандықтарға зейнетақы шоттарындағы қаражатты шығарып беруді ұсынып, түрлі тәсілдермен байланысқа шығуда.
"Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға аты-жөнімен хабарласуы мүмкін. Кей жағдайларда салымшылар туралы белгілі бір мәліметтерді де пайдаланады. Сондықтан мұндай хабарламалар мен қоңырауларға сенбеуге шақырамыз", – делінген қор хабарламасында.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы және тегін түрде мобильді қосымша, ресми сайт немесе жұмыс уақытында 1418 байланыс орталығы арқылы алуға болатынын еске салды.
Қор қызметкерлері ешқашан телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жеке деректерді, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты сұрамайтынын атап өтті.
Осыған байланысты қазақстандықтарға:
- SMS арқылы келген растау кодтарын, құпиясөздерді және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу;
- растау кодтарын немесе өзге де құпия ақпаратты сұраған жағдайда әңгімені бірден тоқтату;
- белгісіз адамдардың ақпараттық немесе психологиялық қысымына ермеу;
- барлық ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру ұсынылды.
Еске салайық, 2026 жылғы 6 маусымда БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жаңа жеткіліктілік шектерін жариялаған болатын. Соның нәтижесінде азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі азайды. Ал өзгерістердің себептерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев түсіндірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:42, 16 маусым 2026
ҚТЖ пойыздардың кешігуінің негізгі себептерін атады
-
15:35, 16 маусым 2026
ҚТЖ басшысы басшылық пен жұмысшылардың жалақы айырмашылығына қатысты пікір білдірді
-
15:26, 16 маусым 2026
Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды
-
15:19, 16 маусым 2026
Алматы, Астана және Шымкентте найзағай ойнап, аптап ыстық болады
-
15:08, 16 маусым 2026
«Сені сүйемін, Қазақстан»: оңтүстіккореялық актриса Со Джу Ён Алматыдан алған әсерімен бөлісті





