Зарина Дияс кейінгі екі жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

12:53, 8 мамыр 2024

© Сурет: ktf.kz

Зарина Дияс кейінгі екі жыл, үш айдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық теннисші Фукуокада ITF W 75 санаты бойынша өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингіде 388-ші орында тұрған Рутуя Бхосалені (Үндістан) 7:5, 6:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зарина кейінгі рет кортқа 2022 жылғы 18 қаңтарда шыққан.

Australian Open бірінші айналымында Зарина Дияс Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осыдан кейін Зарина жарақатына байланысты үзіліс жасауға мәжбүр болды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өткенін жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!