Димаштың пәлсапалық жұмбақ жазбасы жанкүйерлерді толғандырып қойды

10:33, 19 мамыр 2024

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Жуырда ғана Еуропадағы концерттері аншлагпен өткен әнші Димаш Құдайберген 19 мамырда әлеуметтік желідегі парақшасында ағылшын тілінде өмір туралы пәлсапалық жұмбақ жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қойған әр концертімнен кейін менің өзімнің өзіндік пәлсапама құрылған концертім басталады. Оның орындаушысы да, тыңдаушысы да тек өзіммін: жаңылысып, басқа нотаны орындауыма мүлде болмайтын. Бұл концерт өмір деп аталады", делінген жазбада.

Әншіні мұндай жазба жазуға не түрткі болғаны белгісіз, белгілісі - ол баршаның сүйіктісі, себебі Димашты сабырға шақырып, алаңдаушылық білдіріп, осы жазбасы астына пікір қалдырып жатқандар қарасы өте көп.

  • "Қателесу адамға тән! Кешіру Құдайға тән" депті бір данагөй. Өмірде барлығы өткінші. Сенің концертің, сенің өмірің өзің секілді жап-жарық нұрға толы. Әлемнің түкпір-түкпірінен біз сол жарыққа асыға ұмтыламыз! Жақсы көремін сені, кездескенше".
  • "Біз дайынбыз, Түркиядағы концертіңді асыға күтіп жүрміз. Уақыт жақындаған сайын жүрегім дүрсілдеп қоя береді. Әрине, қуаныштан, өзіңді бір көруге деген. Қуанышыңды бізбен бөлісетініңе дән ризамыз. Туған күніңді біздің ортамызда өткізетіндігіне. Есіңде болсын, шын жүректен өзімізге қалағаннан да ары бар жақсылықты саған тілейміз, түсінесің бе?.."


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!