Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет
© Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысының шалғай өңірінде орналасқан Қаражал қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық форум өтті.
Іс-шараны Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және "Ұлытау жастары" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына БАҚ өкілдері мен "Ұлытау" телеарнасы қатысты.
Шара аясында қала тұрғындары мен жастар арасында заманауи қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басты тақырыптар:
- қаржылық қауіпсіздік: Дропперлік схемаларға тартылудан сақтану және цифрлық гигиена ережелері;
- цифрлық гигиена, киберқауіпсіздік: Дипфейк (deepfake) технологиялары арқылы жасалатын алаяқтықтың қаупі;
- нашақорлыққа қарсы күрес: Есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қатысушылар үшін теориялық білімді бекіту мақсатында интерактивті лекциялар мен сұрақ-жауап форматындағы викториналар ұйымдастырылып, нақты кейстер талданды.
Форумның практикалық бөлімінде күштік құрылымдардың жұмысы таныстырылды:
- кинологиялық қызмет: Қызметтік иттердің есірткі заттары мен тыйым салынған бұйымдарды іздеудегі мүмкіндіктері көрсетілді.
- арнайы мақсаттағы жасақ: Тактикалық дайындық элементтері мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу әдіс-тәсілдерін паш етті.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңыздылығы
Мамандардың пікірінше, мұндай кешенді шаралар жастардың бойында алаяқтық, соның ішінде интернет-аляақтық, киберқылмыс пен есірткі қылмысына қарсы "иммунитет" қалыптастыруға көмектеседі. Бұл – Ұлытау облысының елді мекендерінде өтіп жатқан профилактикалық кездесулер сериясының жалғасы. Бұған дейін ұқсас шара Жәйрем кентінде өткен болатын.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, тіпті шалғай аймақтардағы тұрғындармен тікелей диалог орнату – қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын орнықтырудың ең тиімді жолы.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 28 сәуір 2026
Экс-ресейлік теннисші Мадридтегі турнирде Рыбакинаны қалай жеңгенін айтып берді
-
17:59, 28 сәуір 2026
Олжас Бектенов: Қазақстан Чехиямен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
-
17:44, 28 сәуір 2026
Францияда ұрланған 300 млн теңгеге жуық қазына Мәскеуден табылды
-
17:28, 28 сәуір 2026
Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жоспарланып отыр
-
17:13, 28 сәуір 2026
Өскеменде 100-ге жуық шоколад ұрлаған ер адам ұсталды





