Ақтөбе облысында қозғалтқыш сатып алмақ болған фермер алаяқтың құрығына түсті
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы Ford көлігіне арналған қозғалтқыш сатылады деген хабарландыруды тауып, алаяқтың арбауына түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, алдын ала хабарласып келіскеннен кейін сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміленің шарттарын талқылаған. Фермер 210 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған, ал қалған соманы қозғалтқышты алғаннан кейін төлеуге уағдаласқан.
Алайда ақша алғаннан кейін "сатушы" байланысқа шықпай қойған. Зардап шеккен азамат полицияға жүгінуге мәжбүр болған.
"Аталған алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Бұған дейін Қазақстан шекарасында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 27 сәуір 2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Атырауда тұрғын үй саласын жаңғыртудың нақты қадамдары айқындалды
-
20:59, 27 сәуір 2026
Қандай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары - министр айтып берді
-
20:35, 27 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Израиль президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
20:35, 27 сәуір 2026
Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі екі ел делегациясының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты
-
20:18, 27 сәуір 2026
Алматыда бюджеттен қаржы жымқырған жеке сот орындаушысы сотталды





