Экс-ресейлік теннисші Мадридтегі турнирде Рыбакинаны қалай жеңгенін айтып берді
© Сурет: ktf.kz
Испанияның Мадрид қаласында өткен әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тапты. Әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакинаны бұрын Ресей атынан ойнаған, қазір Австрия намысын қорғайтын Анастасия Потапова жеңді.
Әлемдік рейтингте 56-орында тұрған Потапова матч кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып өтті.
"Саусақтарымды сындырып ала жаздадым, тіземнен қан кетті. Бірақ ондай сәтте бәрін ойланбай, тек рефлекспен әрекет етесің. Не істеп жатқаныңды ойламайсың, тек ойнай бересің. Дене өзі қозғалады, ми мүлде "өшіп" қалады. Бір жақсысы, ойлануға уақытым да болмады, тек ойынды жалғастыра бердім", – деді Анастасия Потапова.
25 жастағы теннисші бұл турнирдегі ең үлкен сенсациялардың бірін жасады. Ол 1/8 финалда басты фавориттердің бірі саналатын Рыбакинаны 7:6 (10:8), 6:4 есебімен жеңді.
Енді Анастасия Потапова жартылай финалға шығуы мүмкін. Ол үшін 29 сәуір күні келесі кезеңде Чехия спортшысы Каролина Плишкованы жеңуі керек.
Бұған дейін Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 28 сәуір 2026
Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
-
19:37, 28 сәуір 2026
Елордада «синтетика» таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды
-
19:16, 28 сәуір 2026
29 сәуірде бірқатар өңірлерде үсік жүреді: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
-
18:58, 28 сәуір 2026
«Ең үздіктерді әкелдік»: Бабиш Чехияның Қазақстанға ұзақ мерзімді қызығушылығы бар екенін мәлімдеді
-
18:42, 28 сәуір 2026
Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты





