Қазақстанда түрлі салаларда қазақстандықтарға көмектесетін 50 жасанды интеллект агенті әзірленеді

11:28, 28 сәуір 2026

© Фото: pixabay

Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 28 сәуірде Үкімет отырысында азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді дамыту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай шешімдерге сұраныс жоғары.

"Жалпы, мемлекеттік органдар азаматтарға арналған түрлі салалар бойынша 50-ден астам AI-агентті әзірлеуде. Олар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтеді. Бүгінде мұндай шешімдерге нақты сұраныс бар", – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің мәліметінше, eGov AI көмекшісі 2,3 миллионнан астам рет пайдаланылған, құқықтық AI-кеңесші 230 мыңнан астам кеңес берген, ал AI-терапевт 35-тен астам клиникада енгізілуде.

"Сонымен қатар білім беру саласында да AI-агенттер енгізіліп жатыр", – деп қосты министр.

Бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллекттің сенімді жүйелерінің тізімі қалыптастырылатыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!