«Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандықтар тізімі қысқартылмақ
© Фото: Zakon.kz
Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасы Әділ Құсманов 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжіліс кулуарында "Болашақ" бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әділ Құсмановтың айтуынша, биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандықтар санын қысқарту жоспарланып отыр.
"Тиісті тапсырманы республикалық комиссия берді. Қазір біз талдау жүргізіп жатырмыз. Қай мамандықтар қысқартылатынын нақты айта алмаймын. Қазір зерттеу жүріп жатыр. Мүмкін, кейбір гуманитарлық бағыттағы, басқару элементтері басым мамандықтар қысқартылуы мүмкін, бірақ нақты шешім әзірге жоқ", – деді ол.
Сонымен қатар ол бағдарламаның негізінен магистратура, докторантура және ғылыми тағылымдамаларға бағытталғанын түсіндірді.
"Бакалавриатты биыл енгіздік, бірақ тек халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалар және орындаушылық конкурстардың жеңімпаздары үшін ғана. Бұл – өте шектеулі тізім, әзірге 9 олимпиада ғана бар. Тек жеңімпаздар мен жүлдегерлер қабылданады", – деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ ол өткен жылы ғылыми тағылымдамаларға қатысты болған дау туралы да пікір білдірді.
"Мемлекет басшысының сынынан кейін тиісті нормативтік актіге өзгерістер енгізілді. Қазір ер адамдар үшін орташа жас шегі 59 жас, ал әйелдер үшін 57 жас болып белгіленген", – деп нақтылады Әділ Құсманов.
Еске салсақ, 2025 жылғы 14 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында "Болашақ" бағдарламасы бойынша қазақстандық ғалымдарды шетелге тағылымдамаға жіберу тәртібін сынға алды. Оның айтуынша, шетелге оқуға ғылымға мүлде қатысы жоқ, ғылымнан алшақ адамдар да жіберілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 27 сәуір 2026
Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік ел аумағынан шығарылды
-
22:42, 27 сәуір 2026
«Өмір бойына сотталуы мүмкін»: Грузияда Қазақстан азаматы ірі мөлшерде есірткімен ұсталды
-
22:17, 27 сәуір 2026
ҰБТ форматы өзгереді: балама тест нені қамтиды
-
21:12, 27 сәуір 2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Атырауда тұрғын үй саласын жаңғыртудың нақты қадамдары айқындалды
-
20:59, 27 сәуір 2026
Қандай мамандықтарға грантқа түсу мүмкіндігі жоғары - министр айтып берді





