Олжас Бектенов: Қазақстан Чехиямен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 28 сәуірде өткен Қазақстан–Чехия бизнес-форумында екі ел арасындағы сауда айналымы мен инвестиция көлемінің артқанын айтып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Үкімет басшысы бұл форум Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті.
"Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 705 млн доллардан асып, тұрақты өсімді көрсеткен. Ал инвестиция саласында 2005 жылдан бері Чехияның Қазақстанға салған инвестиция көлемі 431 млн долларға жеткен. Соның үштен бірінен астамы соңғы үш жылда құйылған. Қазіргі таңда елімізде чех капиталы қатысқан 143 компания жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жобалардың арқасында шамамен 1000 жұмыс орны ашылған",- деп қосты ол.
Премьер-министрдің сөзінше, жетекші компаниялардың Қазақстанға қызығушылығы артып, өз қызметін кеңейтіп жатқаны ерекше үміт ұялатады.
"Біз Чехияны жоғары дамыған индустриялық ел ретінде қарастырамыз және экономиканың барлық саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі жаңа өнеркәсіптік жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын", – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ ол Қазақстанның ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ашық әрі сенімді ел болып қала беретінін атап өтті.
"Инвесторлармен сенімді диалог орнату – біздің инвестициялық саясатымыздың маңызды бөлігі. Бүгін қазақстандық және чех компанияларының көптеп жиналғанын көріп отырмыз. Бір-біріміздің мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланып, жаңа бағыттарды дамыта отырып, өзара тиімді әріптестік құра аламыз. Үкімет тарапынан жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетіледі", – деп қорытындылады Үкімет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілермен кездесу өткізген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 28 сәуір 2026
Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
-
19:37, 28 сәуір 2026
Елордада «синтетика» таратумен айналысқан жас жігіт ұсталды
-
19:16, 28 сәуір 2026
29 сәуірде бірқатар өңірлерде үсік жүреді: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
-
18:58, 28 сәуір 2026
«Ең үздіктерді әкелдік»: Бабиш Чехияның Қазақстанға ұзақ мерзімді қызығушылығы бар екенін мәлімдеді
-
18:42, 28 сәуір 2026
Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты





