Юлия Путинцева Ноттингемдегі турнирде әлемнің 258-ракеткасына есе жіберді

11:00, 14 маусым 2026

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 87-ракеткасы) Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, іріктеу кезеңінің жартылай финалында Юлия жергілікті теннисші Алисия Дадниге (әлемнің 258-ракеткасы) екі сет қорытындысы бойынша 1:6, 3:6 есебімен жол берді.

Кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева үш рет қос қателік жіберіп, екі брейк жасады. Ал британдық спортшы екі эйс орындап, төрт қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Теннисшілер бұған дейін өзара кездеспеген.

Енді турнирдің негізгі кезеңіне жолдама үшін Алисия Дадни жапониялық Химено Сакацумемен (әлемнің 127-ракеткасы) кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!