Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды
© Фото: zakon.kz
Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, үйге найзағай түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 13 маусымда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:
"Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді".
Бұған дейін БҚО-да айдалада балшыққа батқан жол талғамайтын көліктегі үш адам құтқарылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:16, 13 маусым 2026
Еліміздің төрт өңірінде 14 маусымда аптап ыстық болатыны болжанады
-
17:02, 13 маусым 2026
Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін
-
17:02, 13 маусым 2026
Үкімет тағы бір жаңа айыппұл түрін айналымға енгізгелі жатқандарын мәлімдеді
-
16:42, 13 маусым 2026
Астанада LRT-ның мектептік және жеңілдік санатындағы көлік карталарын қайдан алуға болады
-
16:28, 13 маусым 2026
Астана, Алматы, Шымкент: 14-16 маусымға арналған ауа райы болжамы





