«Қазгидромет» Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады

09:10, 14 маусым 2026

© Фото: pexels

Синоптиктер 2026 жылғы 14 маусымда Қазақстанның екі қаласында ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке сәйкес, 14 маусымда Талдықорған және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – әлсіз жел, тұман, ауа инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып қалады.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!