АҚШ билігі Claude-ні өшірді
© Фото: zakon.kz
Claude AI көмекшісін жасаушы америкалық Anthropic компаниясы АҚШ билігінен міндеттеме алып, Fable 5 және Mythos 5 модельдерін толығымен өшіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған экспорттық бақылау және ұлттық қауіпсіздік мәселесі түрткі болғаны айтылады.
Директиваның шарттары бойынша шетелдік азаматтарға АҚШ-тан тыс жерлерде де, ел ішінде де модельдерге қол жеткізуге тыйым салынады. Шектеулер, тіпті Anthropic-тің шетелдік қызметкерлерін де қамтиды. Компанияның қалған модельдері өзгеріссіз өз жұмысын жалғастыруда. Anthropic мәліметтері бойынша, тексеруге Fable 5-те қорғаныс механизмдерін айналып өту мүмкіндігі негіз болуы мүмкін.
Бұл америкалық үкіметтің қауіпсіздік мақсатында белгілі бір AI модельдерге қолжетімділікке тыйым салған алғашқы жағдай. Аталған жайт AI реттеуі декларациядан нақты шектеулерге ұласатынын және озық үлгілерге қол жеткізу геосаясат мәселесіне айналып бара жатқанын көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 13 маусым 2026
Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
-
15:47, 13 маусым 2026
Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады
-
14:51, 13 маусым 2026
Жетісу облысында жөндеу жұмыстары желеуімен бюджеттің 53 млн теңгесі жымқырылған
-
14:16, 13 маусым 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен неге кеткелі жатқанын айтты
-
13:40, 13 маусым 2026
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын жариялады





