Юлия Путинцева AusOpen-2026 турнирінде Эльза Жакмоны тас-талқан етті
© Сурет: Instagram/yulia_putintseva
21 қаңтар күні Мельбурн корттарында Австралияның ашық чемпионатының төртінші ойын күні басталды. Бұл күні де қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасының екінші нөмірі франциялық Эльза Жакмомен (WTA рейтингісінде 60-орын) кортқа шықты. Айта кетейік, Жакмо турнирдің алғашқы айналымында сенсация жасап, украиналық Марта Костюкты жарыстан шығарған болатын.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ Юлия Путинцева ойын тізгінін өз қолына алып, айқын басымдық танытты. Бұл оның сенімді әрі ширақ ойынынан анық байқалды.
Нәтижесінде қазақстандық теннисші 1 сағат 14 минуттың ішінде қарсыласын екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетерлігі, Путинцева да турнирдің алғашқы кезеңінде сенсация жасап, өткен жылғы Австралия ашық чемпионатының жартылай финалисі, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны жеңген еді.
Келесі айналымда Юлияны тағы бір күтпеген жаңалықтың авторы - әлемнің 112-ракеткасы, түркиялық Зейнеп Сонмез күтіп тұр. Ол да Мельбурн корттарында ерекше ойын көрсетіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 21 қаңтар 2026
Ақтөбе облысында қалың қарда мал іздеуге шығып, жолда қалған ер адам құтқарылды
-
11:35, 21 қаңтар 2026
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдірді
-
11:24, 21 қаңтар 2026
Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі қайта қаралады
-
11:18, 21 қаңтар 2026
Қазақстанда Салық кодексіне түзетулер енгізу үшін жобалық офис құрылмақ
-
11:03, 21 қаңтар 2026
Қарағандыда қаршадай баланы соққыға жыққан азаматқа қатысты сот процесі басталды





