Владивостоктық визажист «Mrs. Europe-2025» байқауында жеңіске жетті

10:18, 16 қыркүйек 2025
MKZ: 1503710

© Сурет: Instagram/anabelllvl

31 жастағы Владивосток тұрғыны Анастасия Белик халықаралық "Mrs. Europe 2025" сұлулық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Mrs. Europe-2025" байқауы 10-14 қыркүйек аралығында Болгарияның София қаласында өтті. Жарысқа Еуропалық Одақ елдерінен, Түркия, Сербия, Черногория және Украинадан 22 мен 43 жас аралығындағы әйелдер қатысты. Бұл туралы ресейлік қатысушы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жаңа "Mrs. Europe" туралы мәліметке сүйенсек, ол визажист болып жұмыс істейді, күйеуімен бірге сегіз жастағы ұлын тәрбиелеп отырған ана және қайырымдылықпен айналысады. Жеңімпаздың айтуынша, Болгарияға ол жалғыз өзі, қолдау тобынсыз келген.

 

Саяси себептерге байланысты ол байқау сахнасына "Ресей" деген жазуы бар лентамен шыға алмаған. Сондықтан Анастасия байқауға "Қиыр Шығыс" деген лентамен қатысқан.

Бұған дейін Қырғызстан тауында жоғалған ресейлік альпинисттің соңғы бейнесіне қатысты жаңа деректер анықталғанын жазғанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!