«Күн 47 градусқа дейін қызады». Еліміздің кей өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2026 жылғы 28 шілде, сейсенбіге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады. Оған сәйкес, кей өңірге 47 градус аптап ыстық қайта оралады, ал кейбір облыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, күндіз республикамыздың бірден 10 облысында аптап ыстық болады деп күтіледі:
Қатты ыстық:
- +35°C – Алматы облысында және Ақмола облысының батысында;
- +35...+38°C – Батыс Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында;
- +35...+39°C – Атырау және Ақтөбе облыстарында;
- +40...+42°C – Қызылорда және Түркістан облыстарында.
Өте қатты ыстық:
- +40...+42°C – Атырау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде;
- +43...+47°C – Маңғыстау облысында.
"Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, ал еліміздің шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Жоғары қысым өрісінің ықпалынан оңтүстік-батыста, оңтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, ал түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсуі мүмкін екені болжанады", деп толықтырады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер дүйсенбіде бірқатар өңірлерде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:41, 27 шілде 2026
Қазақстанның танымал демалыс орындарының бірінен шу шықты
-
18:28, 27 шілде 2026
«Жылына 10-15 сантиметрге ығысқан»: Түркістанда Ясауи кесенесі маңындағы қорған қабырғасы жөнделуде
-
18:21, 27 шілде 2026
Ауру жұқтырған гүлдер мен жасыл желектер: Алматы әуежайында қауіпті импорттық өнімдердің жолы кесілді
-
18:09, 27 шілде 2026
Футболшылардың төбелесі кезінде әйел төреші соққыға жығылды - видео
-
17:56, 27 шілде 2026
Алматыда полиция сұйық тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгуге қарсы бақылауды күшейтті





