«Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында "Үздік – 2025" республикалық сыйлығының лауреаттарынмарапаттау рәсімін өткізді.
Конкурстық комиссия шешімімен "Жылдың үздік спортшысы" аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогінің күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, сондай-ақ грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали үздік деп танылды.
Ал "Жылдың үздік жаттықтырушысы" аталымында Алуа Балқыбекованың жеке жаттықтырушысы Долкунжан Камеков пен Айдос Сұлтанғалиді дайындаған Райымбек Ғабиден лауреат атанды.
"Жылдың үздік спорт өңірі" аталымы бойынша Қызылорда облысы жеңімпаз деп танылды. Қазіргі таңда өңірде 377 мың адам, яғни тұрғындардың 44,6 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады. Кейінгі жылдары облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
"Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы" аталымы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Баденовке бұйырды. Ол бұқаралық спортты дамытуға, жарыстар ұйымдастыруға және ауыл жастарын жүйелі түрде спортқа тартуға елеулі үлес қосқан.
"Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы" аталымында Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жарысы жаттықтырушысы Владимир Шалыгин жеңімпаз атанды. Ол спортшыларды ұлттық және облыстық құрамаларға, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дайындаған.
"Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы" аталымы жасөспірімдер арасындағы (U17) әлем чемпионы Мадхия Усманованы дайындаған Хислат Мамметовке берілді.
"Спорттағы жыл серпіні" аталымы "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевқа табысталды.
Бұған дейін Астанада жол кептелісі мәселесі қашан шешілетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2025
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
-
22:14, 26 желтоқсан 2025
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының шешуші туры басталды
-
21:38, 26 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл мейрамына арналған қандай шаралар өтеді
-
21:08, 26 желтоқсан 2025
Астанада қымбат әтірлерді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
20:44, 26 желтоқсан 2025
Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





