Астанада Atyrau Creative Days жәрмеңкесі ашылды
© Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында Атырау облысының шығармашылық өкілдері өз жұмыстарын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәрмеңкеге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты. Қонақтар жәрмеңке алаңын аралап, шығармашылық өкілдердің жұмыстарымен танысты.
Жәрмеңкенің ашылу бағдарламасы "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблінің өнерімен басталып, Атырау жастар театрының музыкалық бағдарламасымен жалғасты.
Бағдарламаның сән бөлігінде Атырау облысынан арнайы келген дизайнерлердің авторлық киім топтамалары дефиле форматында көпшілік назарына ұсынылды.
Жәрмеңке ертең де жалғасады. Келушілер Атыраудың өнері, дизайны, қолөнері мен креативті жобаларымен жақынырақ танысып, өзіне ұнаған бұйымдарды тікелей авторларынан сатып ала алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 20 қыркүйек 2026
Экономист медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін зерттеуге кірісіп жатқанын мәлімдеді
-
15:34, 20 қыркүйек 2026
Экономист медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерлейтін зерттеуге кірісіп жатқанын мәлімдеді
-
15:02, 20 қыркүйек 2026
Екібастұзда жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, мерт етті
-
14:39, 20 қыркүйек 2026
Жаңа оқу жылы басталғалы есірткі қылмысы бойынша 69 жасөспірім ұсталды. ІІМ үндеу жасады
-
13:51, 20 қыркүйек 2026
Төртінші алтын медаль! Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды





