Екібастұзда жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, мерт етті

15:02, 20 қыркүйек 2026
MKZ: 1567858

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Екібастұзда тұрғын үй ауласында алты жасар бала жеңіл көліктің астына түсіп қаза тапты. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға фактісін Павлодар облысының полиция департаменті растады. Кәмелетке толмаған баланың опат болуына әкеліп соққан жол оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Сондай-ақ полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін аумақтарда қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан 81 жастағы қария қаза тапқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!