Әлемнің бірінші ракеткасы Оңтүстік Кореяда өнер көрсетеді

17:01, 19 қыркүйек 2026
MKZ: 1567773

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, турнирге сондай-ақ:

  • "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенко;
  • "Ролан Гаррос-2026" чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік теннисші Мирра Андреева;
  • "Үлкен дулыға" турнирлерінің алты дүркін чемпионы, рейтингте тоғызыншы орында тұрған польшалық теннисші Ига Швентек;
  • "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің 17-ракеткасы, жапониялық Наоми Осака;
  • рейтингте 20-орында тұрған италиялық Жасмин Паолини қатысады.

Турнир 26-28 желтоқсан аралығында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!