Азиада-2026 ойындары: Қазақстанға алғашқы жеңісті Арлан Жаңабай сыйлады
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, триатлоннан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды.
Ол жарыс жолын 53:11 уақытта бағындырды. Мәреге бірінші болып жапониялық Ходзё Такуми жетіп, ол 52:56 уақыт нәтижесін көрсетті. Екінші орынды қытайлық Чжан Сижуй иеленді - 53:05.
Қазақстанның тағы бір өкілі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Осылайша, бұл қола медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жүлдесі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:31, 20 қыркүйек 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 20 қыркүйек
-
10:40, 20 қыркүйек 2026
Алматы тауларында түнде үш турист 3100 метр биіктікте қалып кеткен
-
10:33, 20 қыркүйек 2026
Қызылорда облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты
-
10:21, 20 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азиадада Қазақстан нысана көздеуден үздік ондыққа енді
-
09:27, 20 қыркүйек 2026
Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды





