Үндістанда теңіз түбінен тек аңыздарда айтылып келген көне қала табылды
© Фото: zakon.kz
Үндістанда теңіз жағалауынан төрт саз балшық құдық және Батыс Азияға жататын құмыраның бөлшектері табылды. Археологтар аңызға айналған көне Пумпухар қаласы із-түссіз жоғалмағанын, оның теңіз түбіне батып кеткенін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
National Geographic мәліметінше, көне аңыздарда аты аталатын атақты мекендер бар, бірақ олардың нақты іздерін қазіргі картадан табу өте қиын. Сондай орындардың бірі — көне заманда Үндістанның шығыс жағалауындағы ең маңызды портты мегополистердің бірі болған Пумпухар қаласы. Үндістанның Тамилнад штатында жүргізілген жуырдағы археологиялық экспедиция қаланы толқындар шаймас бұрын ол қанша аумақты алып жатқанын анықтау мәселесінде белгілі бір байламға келді.
Археологтар қазіргі жағалаудан 1,8-2,2 шақырым қашықтықта және 10–12 метр тереңдікте қазба жұмыстарын жүргізіп, бірқатар бірегей заттарды тапты. Олардың арасында теңіз түбінен мыналар шықты:
- парсы саудагерлері ыдысының бөлшектері – Таяу Шығысқа тауарлар тасымалдаған жұқа саз балшықтан жасалған құмыра;
- көне құдықтар – бір-бірін жауып тұратын керамикалық дөңгелектерден тұратын құдықтардың бөлшектері;
- жұмбақ құрылыс нысаны – үлкен тас пен кірпіштен тұратын ғимараттың нобайлары. Археологтар бұлар бұрынғы айлақтың қалдықтары болуы мүмкін деп болжайды.
Археологтар су астынан тапқан жәдігерлер Пумпухар көне портының басқа елдердің көпестерімен тұрақты сауда қарым-қатынастарын жүргізгеніне тікелей дәлел бола алатынын айтады. Су астындағы құдықтар мен бұрынғы айлақтың нобайларының болуы бұл аумақтың бір кездері гүлденген, халық қалың қоныстанған жер болғанын анық көрсетеді. Ғалымдар қаланың бұл бөлігі теңіз деңгейінің көтерілуі мен қарқынды тектоникалық процестердің салдарынан су астында қалған деп болжайды.
Үндістанның шығыс жағалауынан табылған жәдігерлер көне әдеби деректердің шынайылығын растайды. Ғасырлар бойы бұл бай әрі аңызға айналған порт туралы ақпарат б.з.д. VI және б.з. III ғасыр аралығында жазылған көне тамиль поэмаларында кездеседі. Бұл туындыларда қала Чола әулетінің билігі тұсында әлемнің ең шалғай бұрыштарынан кемелер ағылып жататын көрікті мегаполис ретінде бейнеленген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:38, 11 қазан 2026
Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
-
11:22, 11 қазан 2026
Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдар зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалды
-
10:58, 11 қазан 2026
Қаржылық қиындыққа тап болып, ипотекалық несиесін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі
-
09:57, 11 қазан 2026
«Бернли» сапындағы Сәтбаевқа қатысты өз командасының мүшесі пікір білдірді
-
09:46, 11 қазан 2026
Қаржы министрлігі қарамағына өткен МӘМС-тен бірқатар былықтар анықталды





