Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
© Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 эылы 11 қазанда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (JAQ) хабарлады:
"Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында".
Сонымен қатар Шымкент қаласының полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:51, 11 қазан 2026
Гонконгта маймыл шешегі өршіп барады
-
12:02, 11 қазан 2026
Яндекс Go сервисінде ақау туындады
-
11:22, 11 қазан 2026
Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдар зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалды
-
10:58, 11 қазан 2026
Қаржылық қиындыққа тап болып, ипотекалық несиесін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі
-
10:41, 11 қазан 2026
Үндістанда теңіз түбінен тек аңыздарда айтылып келген көне қала табылды





