Үндістанда қабылан балаға шабуыл жасап, мерт қылды
© Сурет: magnific
Үндістанда ата-анасы егістікте жұмыс істеп жүрген кезде қабылан шабуылынан сегіз жастағы бала қаза тапты. Бұл – Гуджарат штатының Джунагадх ауданында соңғы 45 күнде жыртқыш аңның балаларға жасаған үшінші шабуылы, деп хабарлайды Zakon.kz.
ETV Bharat телеарнасының сайтының мәліметінше, оқиға Джунагадх ауданында Дивали мерекесі кезінде болған. Жыртқыш Чхоту Кайлаш есімді балаға кешкі уақытта шабуыл жасап, мойын тұсынан ауыр жарақаттаған.
"Мадхья-Прадеш штатынан жұмыс іздеп келген баланың ата-анасы ұлын шұғыл түрде медициналық орталыққа жеткізген. Алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады. Сол түні отбасы баланың мәйітін жерлеу рәсімін өткізу үшін туған жеріне алып кеткен", – делінген хабарламада.
Жергілікті орман шаруашылығы департаменті қауіпті жыртқышты ұстау үшін арнайы операция бастаған. Ауданның бірнеше жеріне арнайы торлы қақпандар орнатылған.
Айта кетейік, соңғы уақытта аталған ауданда жабайы жануарлардың балаларға шабуылы жиілеген. Қыркүйек айының соңында қабылан тағы бір ауыл шаруашылығы жұмысшысының қызын өлтірген. Ал бірнеше күннен кейін тағы бір қыз бала жыртқыштың шабуылынан ауыр жарақат алғанымен, емделіп, аман қалған. Бұл – өңірде соңғы 45 күнде болған осындай үшінші оқиға.
Бұған дейін Үндістанда 60 жастағы шопан қолтырауынның шабуылынан қаза тапқан болатын. Зейнеткер жыртқышпен жарты сағат бойы арпалысып, аман қалуға тырысқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 11 қараша 2026
Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады
-
12:15, 11 қараша 2026
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатынан ауруханаға түсті
-
12:10, 11 қараша 2026
Шымкентте пәтерден өрт шығып, 67 жастағы ер адам қаза тапты
-
12:03, 11 қараша 2026
Алматыда полицейлер көпір үстіндегі жігітті құтқарып қалды
-
11:57, 11 қараша 2026
Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді





