Алматыда полицейлер көпір үстіндегі жігітті құтқарып қалды

12:03, 11 қараша 2026
MKZ: 1577142

© Фото: Zakon.kz

Алматыда полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 қарашада мәлімдегендей, түнгі сағат бір шамасында "102" арнасына көпірдің шетінде жас жігіттің тұрғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына полиция аға лейтенанттары Қазбек Жамқан, Сырым Қожан, Сұлтан Болат және Дінмұхамет Бақытбековтен құралған "Боран-611" және "Боран-651" патрульдік полиция экипаждары жедел жеткен.

Тәртіп сақшылары жігітпен сөйлесіп, бірлескен күш-жігерінің арқасында оны қауіпсіз жерге алып шыққан.

"Хабар түскен бойда көрсетілген мекенжайға дереу жеттік. Жаяу жүргіншілер көпірінің шетінде тұрған жас жігітті көрдік. Мұндай жағдайда барынша сақ әрі шұғыл әрекет ету қажет болды. Әр секундтың қымбат екенін түсініп, бірлесе қимылдадық", – деді полиция аға лейтенанты Сырым Қожан.

Полиция мұндай жағдайларда дер кезінде әрекет ету, бейжай қарамау және қызметкерлердің үйлесімді жұмысы аса маңызды екенін атап өтті.

11 қараша күні таңертең Алматы әуежайында төтенше оқиға болып, бір адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!