Ұлыбританияда аборт пен эвтаназияға қарсы танымал саясаткерді өлтіріп кетті
© Фото: zakon.kz
Ұлыбританияда бұрынғы парламент депутаты және Reform UK партиясының мүшесі Энн Уиддикомбтың өліміне қатысты іс тергелуде. Саясаткер Девон графтығындағы үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Девон мен Корнуолл полициясының мәліметі бойынша, 78 жастағы Уиддикомбтың денесі 9 шілдеде, бейсенбі күні табылған. Тергеушілер кісі өлтіру фактісі бойынша іс қозғап, ауқымды тергеуді бастады. Іс кесушілер оқиға орнында жұмыстарын жалғастыруда, қауіпсіздік камераларының жазбалары зерттелуде және тұрғындардан тергеуге көмектесетін кез келген ақпаратты хабарлау сұралды, деп хабарлайды The Guardian басылымы.
The Telegraph мәліметінше, тергеу басталғаннан кейін көп ұзамай құқық қорғау органдары 26 жастағы британдықты кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. Алайда, сұрақ-жауап алынғаннан кейін ол босатылған және қазіргі уақытта аталған іс бойынша күдікті ретінде қарастырылмайды. Тергеу жалғасуда.
Сонымен қатар полиция қазіргі уақытта қылмыстан саяси мотив немесе террористік сипаттың белгілері байқалмайтынын айтты. Кісі өлтіру мотиві әлі анықталған жоқ.
Энн Уиддикомб 1987 жылдан 2010 жылға дейін Ұлыбританияның қауымдар палатасының депутаты болды, Джон Мейджор басқарған Үкімет сапында түрме министрі қызметін атқарды. Консервативті партия қатарынан шыққаннан кейін ол Brexit Party-мен ынтымақтастықта болды, содан кейін Reform UK-ға қосылды.
Саясаткер өзінің консервативті көзқарастарымен танымал, мәселен ол аборт пен эвтаназияға қарсы болды және ең ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайтаруды талап ететін ұсынысты қолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:35, 11 шілде 2026
Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты - видео
-
15:26, 11 шілде 2026
Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік алынып тасталған - Еңбек министрлігінің түсініктемесі
-
15:11, 11 шілде 2026
Жас қыздың Қайрат Нұртастың үстінен арызданғаны рас па - полиция түсініктемесі
-
14:56, 11 шілде 2026
Ақсуда мас күйде жол апатына түскен әйел жазадан құтылып кете жаздады
-
14:23, 11 шілде 2026
Венесуэладағы қатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты - зілзала салдары





