Ұлттық банк инфляция қарқынына алаңдап отыр
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 шілдеде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл мәселе инфляция деңгейіне байланысты болады.
"Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. 24 немесе 25 шілдеде базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті отырыс өтеді. Инфляция төмендеді, бірақ айтарлықтай емес – 10,4 пайыздан 10,3 пайызға ғана түсті. Айлық инфляция бойынша да сұрақтар бар, ол біздің болжамдарымыздан жоғары болды", – деді Ұлттық банк басшысы.
Сонымен қатар Сүлейменов көрші елдердің жанар-жағармай нарығындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық бар екенін айтты.
"Бұл Ресейге ғана қатысты емес, ресейлік жанар-жағармайға тәуелді Қырғызстан мен Өзбекстанда да жағдай осындай. Біз жеміс-көкөніс маусымында азық-түлік бағасы инфляцияны төмендетуге айтарлықтай әсер етеді деп күткен едік. Әзірше оның солай болатынын нақты айта алмаймыз, бұл бағытты мұқият бақылаймыз. Әрине, инфляцияның төмендегені жақсы болар еді, бұл бізге базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ алдын ала болжам жасамаймыз", – деді Сүлейменов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





