Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады
© Сурет: polisia.kz
Оралда полицейлер 4 жасар баланы қауіптен аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін сағат 14:10 шамасында "102" арнасына Орал қаласындағы Мөңкеұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтер терезесіне шығып кеткен кішкентай бала туралы шұғыл хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына жақын маңда болған Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов қызметтік кезекшілікке бара жатқан. Сол сәтте ол көмек сұрап айқайлаған әйелдің дауысын естіп, жоғары қарағанда терезеде тұрған баланы байқаған. Полицей уақыт жоғалтпастан бірден көмек көрсетуге ұмтылды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев та келіп, құтқару жұмыстарына қосылды.
Сондай-ақ осы үйде тұратын Орал қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов түскі үзілісте болған. Ол жағдайды естіп, үйінен қажетті құралдарын алып шығып, құлыптаулы пәтердің есігін ашуға көмек көрсетті.
Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға кезінде баланың анасы қысқа уақытқа сыртқа шығып кеткен. Бала пәтерде жалғыз қалған. Аталған дерек бойынша баланың ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:42, 12 тамыз 2026
Бұқтырма және Қатон-Қарағайдағы демалыс үйлеріне тексеріс жүргізілді - мамандар қандай заңсыздықты анықтады
-
09:35, 12 тамыз 2026
Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды
-
09:28, 12 тамыз 2026
Алғашқы қоңырау жақындап келеді: Қазақстанда 320 мың бала бірінші сыныпқа қабылданды
-
09:13, 12 тамыз 2026
Алматы, Ақтөбе, Атырау және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды
-
09:06, 12 тамыз 2026
Рыбакина WTA 1000 турнирлеріндегі нәтижесіне баға берді





