Ақтөбеде әйел ер адамды жалған айыппен қорқытып, 400 мың теңге бопсаламақ болған

21:01, 10 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Ақтөбеде жаңа танысынан ақша бопсалаған 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні 100 мың теңгені алу кезінде қолға түсірді.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына ер адам арызданған. Оның айтуынша, ол әлеуметтік желі арқылы бір әйелмен танысқан. Біраз уақыттан кейін әйел оны зорлады деп құқық қорғау органдарына жалған арыз жазатынын айтып қорқытып, ақша талап ете бастаған.

Жәбірленушінің сөзінше, қоқан-лоқының салдарынан ол күдіктіге бұған дейін 300 мың теңге берген. Кейін әйел тағы 100 мың теңге талап еткен. Полиция оны ақшаны алып жатқан кезде қолға түсірді.

Аталған дерек бойынша бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!