Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 11 және 12 шілде

17:27, 10 шілде 2026

© Фото: zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 10 шілде күні сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 468,17 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,9 теңгеге өскен.

Еуро бағамы 536,40 теңге болды (+2,37 теңге).

Ресей рублінің бағамы 6,05 теңгеге дейін төмендеді (-0,07 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 68,47 теңгені құрады (-0,26 теңге).

Айырбастау орындарында доллар 471,8–476,5 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр. Еуро бағамы — 539,7–546,4 теңге, рубль — 5,71–5,89 теңге аралығында.

10 шілде күні таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 467,41 теңге, еуроны 533,88 теңге, рубльді 6,14 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!