Ұлттық Ұланның бөлімі биыл 61 қылмыстың бетін ашқан

14:07, 26 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімі биыл 61 қылмыстың бетін ашқан. 200-ден астам адамға көмек қолын созын созып, жетеуін өрттен аман алып қалған.

Өзіне қол жұмсамақ болған 2 адамды құтқарған.

Қаланы тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз ету қызметкерлер үшін басты міндет, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан Ұлттық Ұлан күн сайын патрульдік бақылауға шығады. Қала тыныштығын күзетеді.

"Әрбір ауданда 3 ротадан түседі. Бізде 4 жедел мақсаттағы батальон бар. Ол 5 ауданға бөлінеді. Әр ротаға өзінің бекітіліп берген аудандары бар. Сол бойынша әскери қызметшілер тағайындалады күнделікті. Қызмет уақыты 17:00-ден 23:00-ге дейін." Бижан Үсенов, Ұлттық Ұлан 5573 әскери бөлімінің №12 жауынгерлік қамтамасыз ету рота командирі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!