Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

11:36, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563240

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында Ұлттық қор қаражатының жинақталуына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бюджет тапшылығы 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,3%-ы деңгейінде белгіленіп, 2029 жылға қарай 0,4%-ға дейін төмендейді.

"Мұнайға қатысты емес тапшылық жалпы ішкі өнімнің 5,3%-ынан 2,5%-ына дейін қысқарады. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2027 жылы 30,2 трлн теңгені, 2028 жылы 29,4 трлн теңгені, ал 2029 жылы 29,6 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордағы жинақ көлемі артады деп болжанып отыр", – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, базалық сценарий бойынша Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы 5,1 трлн теңге, 2028 жылы 5,5 трлн теңге, ал 2029 жылы 5,7 трлн теңге болады деп болжанады.


"Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2 трлн теңге болады деп болжанып отыр. Ұлттық қордың валюталық активтері 2027 жылғы 65,2 млрд доллардан 2029 жылы 70,6 млрд долларға дейін ұлғаяды", – деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған инфляцияның болжамды деңгейін атаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!