2027 жылы Қазақстанның ЖІӨ көлемі қандай болады – Үкімет болжамы

12:00, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563248

© Фото: pixabay

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол болжам әлемдік экономиканың даму перспективалары мен сыртқы нарықтардағы ахуал ескеріле отырып әзірленгенін атап өтті.

"Сыртқы сын-қатерлердің сақталуына қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуін жалғастырады. Базалық сценарийге сәйкес, 2027-2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары деңгейде болжанып отыр. Номиналды ЖІӨ 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін ұлғаяды", – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, экономикалық өсім мұнайға жатпайтын секторлардағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның бақыланбайтын экономикасында не болып жатқаны туралы материалдан оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!