Ұлттық экономика министрі Қазақстанның мемлекеттік борышы туралы айтты
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 23 қыркүйекте Құрылтайдағы брифингте Қазақстанның борышы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 38,5 трлн теңгені құрады.
"Бұл жалпы ішкі өнімнің небәрі 20,9%-ы. Үкіметтің борышы ЖІӨ-нің 20%-ына тең. Біз борыш деңгейі төмен елдердің қатарындамыз", – деді Серік Жұманғарин.
Министр кейбір елдердің борышы ЖІӨ-нің 100%-ынан, тіпті 200%-ынан асатынын атап өтті.
"Біз қанша қарыз алатынымызды, оны қалай және кімнен алатынымызды мұқият қадағалаймыз. Борышымыздың басым бөлігі, шамамен 75%-ы – ішкі борыш", – деп қосты ол.
Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарынан неліктен тұрақты түрде қарыз алатынын түсіндірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 23 қыркүйек 2026
Талаптар бұзылса, санкция қолданылуы мүмкін: Қазақстан қандай шарттармен қарыз алады
-
14:44, 23 қыркүйек 2026
Шымкентте есірткі ісі бойынша 21 жыл іздеуде жүрген ер адамға үкім шықты
-
14:40, 23 қыркүйек 2026
Қазақстан несие көрсеткіштері бойынша Ресейден озып тұр: ЕАЭО статистикасы нені көрсетті
-
14:34, 23 қыркүйек 2026
АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды
-
14:24, 23 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қошановты Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынды





