АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды

14:34, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568423

© Сурет: guinnessworldrecords.com

АҚШ-тың Огайо штатындағы Дженни есімді жылқы ерекше ұзын құйрығының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның құйрығының ұзындығы 412,62 сантиметрге жетеді. Бұл шамамен Volkswagen Beetle көлігінің ұзындығымен бірдей, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рекорд 2026 жылғы 25 шілдеде ресми түрде тіркелді. Дженни америкалық Маккензи Лоу мен Рэйчел Эстеске тиесілі және Спринг-Вэлли қаласындағы ат мектебінде тұрады.

Жылқының құйрығын жеті жыл бойы өсіріп, мұқият күтіп-баптаған. Қазіргі нәтиже 2007 жылы JJS Summer Breeze биесі орнатқан бұрынғы рекордтан шамамен 32 сантиметрге ұзын. Ол кезде оның құйрығының ұзындығы 381 сантиметр болған.

АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 14:34

Сурет: guinnessworldrecords.com

Маккензи Лоудың айтуынша, Дженни оған келгенге дейін бір рет құйрығын толығымен жұлып алған. Жылқыны сатып алған кезде құйрығы жерге тиіп тұрған, алайда қазіргісіндей ұзын болмаған.

Дженни америкалық мініс жылқысы тұқымына жатады. Бұл тұқым өкілдері ұзын әрі қалың құйрықтарымен танымал. Иелері оны қысқартпауға шешім қабылдаған. Уақыт өте келе құйрығының өсе беретінін байқап, әлемдік рекорд орнатуға әрекет жасап көруге шешім қабылдаған.

АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 14:34

Сурет: guinnessworldrecords.com

Рекордтық құйрықты күтіп-баптауға бірнеше сағат кетеді. Оны шамамен айына бір рет жуып, кептіреді, кейін зақымданудан қорғау үшін өріп қояды. Жуу, кондиционер жағу, тарау және қайта өруді қоса алғанда, бүкіл процедура орта есеппен төрт-бес сағатқа созылады.

АҚШ-та әлемдегі ең ұзын құйрықты жылқы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 14:34

Сурет: guinnessworldrecords.com

Ұзаққа созылатын күтім кезінде Дженни кейде мазасыздана бастайды. Алайда тәттілер оның процедура аяқталғанша тыныш тұруына көмектеседі.

Дженни мен басқа жылқылар құйрығын абайсызда басып кетпеуі үшін оны өріп, арнайы қапқа салып қояды.

16 қыркүйекте Гиннестің рекордтар кітабы әлемдегі ең биік және ең аласа жылқылардың жаңа рекорд иелерін жариялады.

Атап айтқанда, төрт жастағы шотландиялық шайр тұқымды Хьюго (Hugo) атты жылқының шоқтығының биіктігі 199 сантиметрге жетеді. Оның салмағы шамамен 890 келі, яғни екі рояльдің салмағына жуық.

Сонымен қатар Гиннестің рекордтар кітабы ең аласа тірі жылқы атағының жаңа иесін де тіркеді. Ол – немістің Пумукель (Pumuckel) атты пониі. Оның шоқтығындағы бойы небәрі 52,6 сантиметр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!