Ұлттық Банк Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін атады

© Сурет: Zakon.kz
Ұлттық Банк 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышын алдын ала бағалауды жариялауға кіріседі. Бұл туралы 2025 жылы 11 ақпанда орталық банктің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90-күні сыртқы борыш бойынша есепті деректерді жариялаған болатын. Енді оған қосымша ҚР сыртқы борышын алдын ала бағалау жарияланатын болады.
"Мұндай жарияланымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінде, тиісті кезең үшін төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат шығарумен бір мезгілде жүзеге асырылады", делінген сейсенбідегі хабарламада.
Қазақстан Республикасының сыртқы борышының көлемі 2024 жылдың басынан бастап жылда 2,3 млрд. АҚШ долларына (бұдан әрі – доллар) ұлғайып, 2024 жылғы 1 қазанда 165,8 млрд. долларды құрады.
Ұлттық Банкі деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 1 қаңтардағы сыртқы қарызы 165 630 000 000 долларды құрады, оның ішінде:
- 91 658 000 000 тікелей инвестицияларға (фирмааралық берешек) тиесілі;
- 45 513 000 000 – басқа секторларға;
- 13 265 000 000 – банктердің қарыздары;
- 12 724 000 000 – мемлекеттік басқару органдарының борыштары;
- 2 470 000 000 – ҚР Ұлттық Банктің борышы.
Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді, деп нақтылайды Ұлттық Банк.
Бұған дейін квазимемлекеттік сектор үшін сыртқы қарыздың ең жоғары шегі белгіленетіні хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді