Ұлттық банк қазақстандықтардың қай алтын құймаларына сұраныс көп екенін анықтады

11:04, 15 мамыр 2025

© Фото: pexels

ҚР Ұлттық банкі (ҚҰБ) 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) және жеке банктік емес айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 50 келі болатын 4939 өлшенген құйма сатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 15 мамырда Ұлттық банктың сайтынан белгілі болды.

Халық арасында сұранысқа ие құйманың салмағы – 10 г. Оның жалпы сату көлеміндегі үлесі 26% – 59 936 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 51 889 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 48 365 дана (21%), 20 грамдықтан – 43 301 дана (18%) және 50 грамдық құймадан – 30 273 дана (13%).

I тоқсанда өлшемелі құймалар көп сатылған өңірлер:

  • Алматы (3 844 дана, 78%),
  • Шымкент (200 дана, 4%)
  • Жамбыл облысы (180 дана, 4%).
"Осылайша, 2025 жылдың I тоқсанында ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 176 кг болатын 11 084 өлшемелі құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған құймалардың жалпы саны –233 764, ал олардың жалпы салмағы – 8,1 тонна", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны мезетінде төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сапа сертификатын да білдіреді. Со

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!