Ұлттық Банк Қазақстандағы инфляцияның жеделдеу себебін түсіндірді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин 21 қарашада Сенатта инфляцияның қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында жылдық мәнде 8,5%-ға дейін жеделдетілгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Виталий Тутушкин әлемдегі бірқатар әскери қақтығыстар, сондай-ақ әлемдік сауда мен инвестициялар көлемінің жалпы төмендеуі әлемдік экономиканың жағдайы мен дамуына әсер етуді жалғастыруда деп мәлімдеді.
"Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Халықаралық валюта қорының жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2024 және 2025 жылдары 3,2% деңгейінде күтілуде", – деді ол.
Оның айтуынша, жаһандық инфляциялық процестер Орталық банктердің іс-әрекеттерінің арқасында сақталып отырған қатаң қаржылық жағдайлар аясында біртіндеп баяулауда.
"Экономикасы дамыған елдерде инфляция қазірдің өзінде мақсатты мәндерге жақын. Біз әлемнің жетекші экономикаларының орталық банктері жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатын біртіндеп жеңілдете бастағанын көріп отырмыз. Қазақстанға келсек, ағымдағы экономикалық даму жоғары қарқынмен сипатталатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың тоғыз айында ЖІӨ 4%- ға өсті. Өсім экономиканың барлық секторларында байқалады. Инфляция біртіндеп төмендейді,бірақ оның баяулауы тұрақсыз. Жыл ішіндегі жалпы төмендеу үрдісіне қарамастан, қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда ол жылдық мәнде 8,5%-ға дейін жеделдеді", — деп толықтырды Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.
Бұл ретте ол инфляция 2023 жылғы ақпанда байқалған ең жоғары мәндерден 2,5 есе төмен екенін атап өтті. Дегенмен, бұл деңгей Ұлттық банктің 5%-дық көрсеткішінен әлдеқайда жоғары.
"Біздің болжамымыз бойынша, алдағы екі жылда инфляция 5%-дық нысанаға жақындайды және 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы – 5-7% көрсеткіште қалыптасады. Қазіргі уақытта болжамдарды жаңартудың тоқсан сайынғы процесі жүріп жатыр, болжамды раунд деп аталатын қорытындыны 29 қарашада жариялаймыз", — деп түйіндеді Тутушкин.
Бұған дейін Сенаттың Ұлттық қордан жыл сайын екі триллион теңге шығаруды мақұлдағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 21 қараша 2024
Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеді
-
14:52, 21 қараша 2024
Павлодарда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
-
14:44, 21 қараша 2024
Астанада мектеп бухгалтерлері 10 млн теңге қаражатты жымқырғанына қарамастан темір торға тоғытылмады
-
14:36, 21 қараша 2024
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
-
14:27, 21 қараша 2024
Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарлануда