Астанада мектеп бухгалтерлері 10 млн теңге қаражатты жымқырғанына қарамастан темір торға тоғытылмады
© Фото: freepik
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену фактісі бойынша екі әйел адамға үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың дерегіне сүйенсек, Ж., мектептің бас бухгалтері және А., сол мектептің бухгалтері бола тұра, өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы, 2021 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы сәуір аралығында өздерінің банктік шоттарына жалақы түрінде ақшалай қаражатты заңсыз аударған.
"Олардың әрекеттерінің нәтижесінде мектепке 10 млн. теңгеден астам мөлшерде мүліктік залал келтірілген. Залал толығымен өтелді",- делінген ақпаратта.
Сот мүліктік залалды ерікті түрде өтеуді, шын жүректен өкінуді, А.-ның зейнеткерлік жаста және науқас болуын, сондай-ақ Ж.-ның кәмелетке толмаған баласының болуын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Сот үкімімен сотталушылар материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 6 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыздың ісі қалай жүріп жатқаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:35, 21 қараша 2024
Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
-
17:18, 21 қараша 2024
Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер
-
17:10, 21 қараша 2024
Тараздағы екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
-
17:05, 21 қараша 2024
Алматы ТКШ қызметтеріне бағаның өсуі бойынша көш басында
-
16:53, 21 қараша 2024
Депутат бұралқы иттерді зарарсыздандыру жайлы: Мен де көбейгім келеді, барлығы көбейгісі келеді