Ұлттық банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар туралы деректер жинай бастайды
© Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төлем қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта мынадай өзгерістер ұсынылған:
- "Электрондық терминалдар саны туралы мәліметтер", "Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер", "Шекарааралық операциялар туралы мәліметтер (кіріс)" және "Шекарааралық операциялар туралы мәліметтер (шығыс)" әкімшілік деректер нысандарын ұсыну мерзімін тоқсан сайынғыдан ай сайынғыға өзгерту;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар және клиенттерге берілген тәуекел деңгейі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімін жарты жыл сайынғыдан тоқсан сайынғыға өзгерту;
- "Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы мәліметтер" (1-РМ индексі) атты жаңа әкімшілік деректер нысанын енгізу. Ол ай сайын ұсынылады;
- "Ұлттық банктің Антифрод-орталығы шеңберіндегі алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы мәліметтер" (2-РМ индексі) атты тағы бір жаңа нысанды енгізу. Бұл ақпарат та ай сайын ұсынылады.
Жоба алаяқтық белгілері бар транзакциялар, сондай-ақ Ұлттық банктің Антифрод-орталығы аясындағы осындай төлемдер туралы статистикалық деректерді жинау мақсатында әзірленген.
Сонымен қатар жаңа өзгерістер есепті ақпараттың жедел әрі толық түсуін қамтамасыз етуге, белгіленген талаптардың сақталуын тиімді бақылауға, тәуекелдер мен ауытқуларды дер кезінде анықтауға және қадағалау шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін ашық көрсетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 18 тамыз 2026
Дубайға билет алған қазақстандықтар не істейді: Рейстер тағы да тоқтатылды
-
15:23, 18 тамыз 2026
Алматыда жүрген Канада азаматы қамауға алынды
-
15:15, 18 тамыз 2026
Шарындағы фототұзаққа Қызыл кітаптқа енген қарақұйрықтар түсіп қалды
-
15:03, 18 тамыз 2026
Қазақстанда студенттің цифрлық экожүйесін қалыптастыру жоспарланып отыр
-
14:54, 18 тамыз 2026
Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады





