Украинаға зымыран жеткізу күрт қысқарды - Зеленский мұның немен байланысты екенін айтып берді

11:39, 6 тамыз 2026
MKZ: 1559946

© Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы

АҚШ пен оның Еуропадағы одақтастары Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізуді айтарлықтай қысқартты. Владимир Зеленскийдің пікірінше, әлем осы арқылы Киевті келісімге бағыттауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Украина президенті өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, ел қазіргі уақытта зымыран тапшылығын қатты сезініп отыр, өйткені олардың жеткізілімі үш есеге азайған.

Ресми түрде АҚШ пен еуропалық серіктестер мұны Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты деп түсіндірген. Алайда Украина басшысы бұл қару-жарақ жеткізудің қысқаруына әсер еткен жалғыз себеп емес деп есептейді.

"Таяу Шығыстағы жағдайдан басқа себептер бар-жоғын білмеймін. Мүмкін, бұл Украинаны келісімге көбірек бейімдеу үшін жасалып жатқан саяси қадамдар шығар. Меніңше, мұндай ықпал жоқ емес. Біз бұл өте күрделі сын-қатер екенін түсінеміз", – деді Зеленский Украина Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Бұған дейін Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатқанын жазғанбыз. Сондай-ақ, ол Ресейді бітімге шақырып, келісімнің үш нұсқасын ұсынған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!