Соболенконы Торонтодағы турнирде жеңіске жетелеген не - спортшы құпиясымен бөлісті
© Сурет: Instagram/arynasabalenka
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде келесі кезеңге аяқ басты. Ол аздаған үзілістің кортқа оралғаннан кейін қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, чемпион бұл кездесудің қысқа үзілістен кейінгі алғашқы матч болғандықтан оңайға соқпағанын айтты. Соған қарамастан, турнирдің екінші айналымында Соболенко жапониялық Моюка Утидзиманы 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
"Торонтоға қайта оралғаныма және бүгін кешке бәріңізбен жүздескеніме өте қуаныштымын. Қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет, бүгінгі атмосфера керемет болды", – деп көрермендерге алғысын білдірді Соболенко.
Оның айтуынша, жеңіске деген жігерін қалпына келтіруге сүйіктісі Георгиос пен Эш есімді итімен бірге өткізген демалысы көмектескен.
"Уимблдонға" дейін Венаға бардым, ал турнирден кейін Миконос аралында демалдым. Маған дәл осындай үзіліс өте қажет болды. Қазір өзімді толық сергігендей сезінемін және маусымды жалғастыруға дайынмын", – деді Арина матчтан кейін корттағы сұхбатында.
Енді Торонтодағы турнирдің үшінші айналымында Арина Соболенко әлемдік рейтингте 62-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.
Бұған дейін әлемнің екінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина да аталмыш турнирде үшінші айналымға шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:39, 6 тамыз 2026
Украинаға зымыран жеткізу күрт қысқарды - Зеленский мұның немен байланысты екенін айтып берді
-
11:27, 6 тамыз 2026
Әлемдік нарықта алтын қымбаттады
-
11:12, 6 тамыз 2026
Әскери қызметшілердің мемлекет есебінен ұшақпен жүру қағидалары өзгерді
-
10:55, 6 тамыз 2026
Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді
-
10:42, 6 тамыз 2026
АҚШ-та балаларын экс-күйеуіне бергісі келмеген әйел оларды өлтіріп тынған





